Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Балалар үйінің тәрбиеленушілері пошта маркасын жасады

Балалар үйінің тәрбиеленушілері пошта маркасын жасадыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті «Қазпочта» Акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, 2015 жылғы 14 қаңтарда «Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері» тақырыбында «Балалар сурет салады» төрт марка топтамасын айналымға енгізу салтанатын өткізді. 
Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, балалардың құқығын қорғау комитеті 2014 жылы балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында «Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері» тақырыбында сурет салу конкурсын ұйымдастырды.
Конкурс Қазақстан Республикасының Балалар құқығын қорғау туралы конвенцияны ратификациялаудың 20 жылдығымен ұштастырылған.
Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлеріндегі балалар үйі тәрбиеленушілерінің 200-ден астам суреттері қатыстырылды.
«Қазпошта» Акционерлік қоғамы конкурс жеңімпаздарының суреттерін пайдалана отырып, «Балалар сурет салады» төрт марка топтамасы шығарды.
Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар: Жамбыл облысынан Талипов Дмитрий, Батыс Қазақстан облысынан Муштубаева Эльвира, Қостанай облысынан Сидоров Александр, Астана қаласынан Василенко Раиса анықталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: