«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Қ.Көшербаев партиялық қоғамдық қабылдау өткізіп, жеке және қоғамдық маңызды мәселелермен келген бірқатар азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға келген Гүлмира Мырзахметова жұмыссыз, төрт баланың анасы, күйеуі екінші топтағы мүгедек. Шиелі кентінің тұрғыны үйіне табиғи газ кіргізуге мүмкіндігі жоқтығын айтып, көмек сұрады.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «ҚазТрансГаз» АҚ басшылығына Г.Мырзахметованың үйіне газды тегін кіргізіп, пешін алып беруді тапсырды.
– Заңға сәйкес тұрғындар үй ішіне газды өз қаржаты есебінен кіргізеді. Сіздің әлеуметтік жағдайыңыз төмен болғандығын ескеріп, «ҚазТрансГаз» басшылығына көмектесуге өтініш айтамын, - деді өңір басшысы.