Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Астрологтар қазақ елі мен республикамыздың келер жылғы күндеріне болжамдарын айтты


2020 жыл – кібісе жылы. Сондықтан, көпшілік астрологтар бірауыздан дәнді дақылдардан мол өнім болатынын және мал шаруашылығының қарқынды дамитынын айтуда. Бұл жылы «Құдай бередіге» сеніп құр жатпай, адал еңбек етіп, маңдай терін төккендердің айы оңынан туатын көрінеді. Ал, бағы мен сәттілікке сеніп, содан үміт күтіп қол қусырғандар құр қалады.
Жақындап қалған жаңа жыл жайлы экстрасенс Бақыт Жұматованың да айтары бар. Ол 2020 жылды жалпы алғанда жағымды да жайлы жыл дейді. Әйткенмен, естен шығармауға тиіс маңызды мәселелері мен қиындықтарының да бар екенін жасырмады. 2020 жылы Қазақстанды көптеген салаларда даму, өркендеу күтіп тұр. Әсіресе, тасымал істері алға басады. Сондай-ақ, әлемнің барлық елімен орнатылған жақсы қарым-қатынас сол қалпы сақталады. Бұл жылы құрылыс та көп болады. «Сақалдыға» айналған құрылыс жұмыстары соңына жетеді. Саясат саласында да көптеген келелі оқиғалар орын алады. Саясат алаңында жаңа тұлғалар пайда болады, көбісі – жастар. Қазақ тілін өркендету, қоғамдағы орнын нығайту, қолданылу аясын кеңейту жолында көп жұмыс жасалады. Бұл жылы филолог, лингвист, аудармашы мамандарына сұраныс пен тапсырыс артады. Сонымен қатар, Б.Жұматова Алакөл, Балқаш, Каспий теңізі, басқа да еліміздегі емдік су көздері бар аймақтарда туризмді дамытып, келушілерге жақсы жағдай жасалуы керектігін ескертуде. Өйткені, экстрасенс дә осы жерлерге туристердің ағылып келіп жатқанын «көріпті». «Байқоңыр бұрынғыдан да дами түседі. Нақты қай жер екенін айта алмаймын, бірақ еліміздің аумағында тағы бір ғарышқа ұшу айлағы пайда болады. Семейде болар бәлкім. Сауда нарығын жапондар жаулайды. Жапониядан келген заттар, техникалар көбейеді. Ең қызығы, олардың салыстырмалы түрде алғанда арзанырақ түсетіні» Хош, бұл – Бақыт Жұматованың болжамы.
Ал, көріпкел, емші, болжамшы Вера Лион бүй дейді: Сәуегейдің сөзіне сенсек, 2019 жылы басталған және жоспарланған өзгерістер 2020 жылы да жалғасын табады. Жалпы ішкі өнім көлеміұлғаяды, қазақстандықтардың тұрмыс жағдайы жақсарадыы, жаңа жұмыс орындары көбейеді. Еліміз халықаралық аренада да өзін жақсы қырынан көрсетіп, атақ-абыройы артады, бұрынғы серіктес елдермен қарым-қатынасы нығая түседі және жаңа елдермен серіктестік орнатады. 2020 жылы газ бен электр энергиясы тарифі аздап көтерілуі мүмкін. алайда бұл ел халқының жеке қалтасына аса ауыр салмақ түсіре қоймайды. Оған себеп – жалақының айтарлықтай өсуі болмақ. Бейбіт еліміз бұл жылды да соғыс-соқтығыссыз өткізеді. Тек дін және саясат алаңдарында аздаған келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктер орын алуы ықтимал. Билік барлық жағдайды дипломатиялық жолмен шеше алатындықтан, тыныштық тез-ақ орнайды. Саясатта жаңа, тың да тиімді идеялары бар жас тұлғалар бой көрсетеді. Бұл жылы саясаткерлер мен билік өкілдерінің басты мәселесі – валютаның тұрақсыздығынан туатын экономикалық кризис болмақ. Міне, жаңа жылға болжамшылардың айтары осындай. Ал, біздің күткен үмітіміз одан әлдеқайда зор. Тек, алдамасын.

Дайындаған: А.Бектұрғанова,


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: