Қармақшы ауданы әкімінің өкімімен Сүйеубаев Жалғас Оңғарұлы Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Жалғас Оғарұлы 1974 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Қарашеңгел ауылдық кеңесінде (Қарашеңгел ауылдық округі) туылған.
1998 жылы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2014 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша жоғары білім алған.
1990-1993 жылдары Қазалы ауданы «Қызыл ту» кеңшарында оқушылардың өндірістік бригадасында жұмысшы болса, 1993-1998 жылдары Қазалы ауданы Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институтында білім алды.
1998-2001 жылдары Қазалы ауданы «Қыдыр» шаруа қожалығында жұмысшы болды.
2004-2006 жылдары Қазалы ауданы РМК «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» Қазалы филиалының техникалық түгендеу (зерделеу) және бағалау жөніндегі маманы, 2006-2008 жылдары Қазалы ауданы «Қазалы-жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры,
2008-2013 жылдары Қазалы ауданы Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі, 2013 жылдан 2016 жылдың сәуір айының 04 жұлдызына дейін Қазалы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарған.