Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Марадона жоқшылықта өмір сүрді» - журналист

Аргентиналық журналист Луис Вентура 61 жасында қайтыс болған ел құрамасының бұрынғы футболшысы Диего Марадонаның қаржылық проблемалары туралы айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz.
Оның сөзіне қарағанда, спортшыда ешқандай дүние қалмаған, тіпті Марадона  жоқшылықта қайтыс болған. Репортер Марадонаның заттары ұрланғанын, ал қалған бөлігін өзі бергенін атап өтті.  Футбол жұлдызының жалғыз табыс көзі  соңғы жылдары өзі жаттықтырған Гимназия клубы беретін жалақы болған. Еске салайық, Марадона 25 қарашада 60 жасында қайтыс болды. Алдын ала сараптама мәліметтері бойынша оның өліміне жедел жүрек жеткіліксіздігі себеп болған. Марадона танымал "Барселона", "Наполи" және "Ньюэллс Олд Бойз" командаларына ойнаған. Аргентина құрамасы сапында 1986 жылы әлем чемпионы атанды. Футбол тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі болып саналады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: