Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалы ауданында тұрғын үйден өрт шықты

26 қаңтар күні сағат 18.05 шамасында Алға ауылдық округі, Ү.Түктібаев ауылындағы тұрғын үйден өрт шығып, өрт сөндіру мекемесі қызметкерлерінің күшімен сөндірілді. 


Оқиға орнына №15 өрт сөндіру бекетінен 1 өрт сөндіру автокөлігі мен 4 жеке құрамы және ауыл жанынан құрылған "Еріктілер" тобынан 50 адам жұмылдырылды. Адам шығыны жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі және шығыны анықталуда.
Бүгін оқиға орнына аудан басшысының тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев арнайы барып, мән-жаймен танысты. 
Сондай-ақ, қажеттілігіне қарай тиісті техникалар арқылы көмек көрсетіліп, жан-жақты қолдау шаралары жүргізілетінін жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: