ШИЕЛІДЕ «ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Тұрғындардың өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарлама аясында Шиелі ауданына 2,9 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Бөлінген қаржыға Шиелі кентіндегі Ақорда және Бәйтерек, Береке мөлтек аудандарымен қоса Алғабас, Жақаев, Қодаманов елді мекендеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылыстары жүргізілуде. Ақорда, Бәйтерек мөлтек аудандарындағы 10,86 км тастақты жол төселіп, 10,842 км электр желілері жүргізілуде. Ал, Береке мөлтек ауданына 10,415 км жол төселіп, 22,635 км электр желілері тартылып, 9,301 км ауыз су құбырлары тартылуда. Сондай-ақ, Жақаев, Қодаманов, Алғабас елді мекендеріне жаңадан жол тартылып, электр желілері мен ауыз су құбырлары тартылуда.