Қызылордада жол-көлік оқиғасынан 10 бала қайтыс болған
Қызылорда облысында жасөспірім балалардың жолда жарақат алуы көбейіп барады. "Темір тұлпарды" тақымына басқан кейбір жүргізушілер осындай олқылыққа жол беріп қояды.
Үстіміздегі жылдың басынан бері 80 бала осындай оқиғаға тап болған. Өкініштісі, өмір жолын бастамай жатып 10 өрен мезгілсіз дүние салған. Сондықтан кім-кімнің де "Сақтықта қорлық" дегенді ұмытпағаны артық емес.