Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық жеңіл атлет ядро лақтырудан чемпион атанды

Өскеменде жеңіл атлетикадан 2004-2005 жылы дүниеге келген жастар арасында ҚР чемпионаты өтуде.
Жарыстың алғашқы күнінде жерлесіміз Асқар Оразханұлы  ядро итеруден 1-орынды жеңіп алды. Ол ядроны 15,66 метрге итеріп, қарсыластарынан басым түсті. 
Жас спортшы биылғы жылдың қазан айында өтетін Азия чемпионатына қатысу үшін  ұпай жинау жарыстарына қатысуда. 
Асқар Оразханұлы - 2004 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 9 жасында #4ОРМБЖМ-нің жеңіл атлетика бөлімшесіне Руслан Омаровтың тобына қабылданған.
2019 жылы Қарағандыда өткен ел чемпионатында кіші жасөспірімдер арасында чемпион болған. Халықаралық жарыстардың чемпионы және жүлдегері.
Ел чемпионаты 24-қаңтарға дейін жалғасады.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: