Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

 Той алдындағы фотосессияда қалыңдық қайтыс болды (видео)

Бұл видеоны Newsflare сайты жариялаған. Оқиға қытайдың Чжэцзян провинциясына қарайтын Вэньчжоу қаласында болған. Бұл жөнінде Аikyn.kz жазды. 
Мәлімдеуінше, 2 қыркүйек күні үйлену тойдың алдында күйеу жігіт пен қалыңдықты теңіз жағасындағы жартастарда суретке түсуге барған. Оператор әдемі кадр алып жатқан уақытта екі жасты су ағызып әкеткен.
Сонымен қатар, толқын фотограф пен визажисті де алып кеткен. Құтқарушылар қыз бен визажистің денесін тапқан, ал фотограф із-түзсіз жоғалып кеткендер тізіміне енді. Агенттік күйеу жігіттің тағдыры не болғаны туралы ақпар бермеді.
Еске салсақ, осындай ұқсас жағдай АҚШ-тың Техас штатында болған.  Некесін қиып, ерлі-зайыпты атанған екі жас АХАЖ-ның дәл алдында жол апатына түсіп, қаза болған.  Олар – 19-жастағы Харли Джо Морган  мен 20-жастағы Рианнон Мари Морган.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: