Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыс әкімі ҚР Энергетика вице-министрімен кездесті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовпен кездесті. Басқосуда Қызылорда жылу электр орталығы мен аймақты электр қуатымен қамту мәселелері талқыланды.


Аймақ басшысы Сыр елінде энергетика саласында атқарылып жатқан кешенді жұмыстар барысын таныстырды. 
Басқосу барысында аймақта жаңа жылу электр станциясын салу мен газ трубиналық электр станциясын қайта жаңғырту мәселесі сөз болды. Облыс әкімі бұл маңызды жұмыстардың уақыт күттірмей шешілуі қажет екенін алға тартты. 
Вице-министр Жандос Нұрмағанбетов облысты қажетті қуат көздерімен қамту жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, осы бағытта бірлесіп жұмыс жасауға мүдделі екенін жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: