Қызылорда облысы өңдеуші өнеркәсіп өсімі бойынша көш бастап тұр
Қызылорда облысында өңдеуші өнеркәсіп көлемі 23,3%-ға ұлғайды. Аталған көрсеткіш бойынша аймақ республикада бірінші орында тұр. Бұл туралы облыстық индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Соңғы 3,5 жыл ішінде областың өнеркәсіптік өнімін өндіруде өңдеуші сектор үлесі 5 есе артты ( 2012 ж. 3,8%-дан 2016 ж. 20,4%-ға дейін), өндіріс көлемі 74%-дан асса (ҚР –102,3%), өнеркәсіптің шикізаты жоқ еңбек өнімділігі 5,2 есе өсті (ҚР – 195%). Аймақ бойынша жалпы өнімге байланысты өңдеуші өнеркәсіп үлесі 3 жыл ішінде 2,5%-дан (2012 ж.) 4,8%-ға дейін (2015 ж.) өсті», - деп баяндады Р. Сұлтангереев.
Қызылорда облысының индустриялды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, шикізаттың бағасы арзан болғандықтан, алғашқы жарты жылдық бойынша еліміздегі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі аздап төмендеді (1,6%-ға). Дегенмен, өңдеуші өнеркәсіпте өндіріс көлемінің 0,5%-ға өсуі тіркелді.