Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ДАУ ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕЛДІ

 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен дауды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытында пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәлім етті. 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер Д-ның жауапкер А-дан кәмелетке толмаған баласымен кездесу уақытын белгілеу  туралы азаматтық ісі қаралды.
Сотпен істі қарауға дайындық барысында, тараптарға пилоттық жобаға қатысу жөнінде өз ұстанымдарын білдіру және олардың арасында келісім болған жағдайда, медиатормен медиация жүргізу туралы тараптардың жазбаша келісімін жолдау ұсынылған.
Медиативтік келісімге сәйкес, әкесімен кәмелетке толмаған баласы арасында кездесу уақыты белгіленді. Тараптар арасында өзге дау туындамаған және олар азаматтық істі қарауды әрі қарай жалғастырудан бас тартты.
Сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптар арасында жасалған келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотымен ҚР АПК-нің 48-бабына сәйкес, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытындағы Жоғарғы Соттың пилоттық жобасын іске асыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: