Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Үздік педагог-психолог марапатталды

Үздік педагог-психолог марапатталдыЖаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемұлы 2015 жылдың үздік педагог-психологы атанған Камакова Ардақ Бақдаулетқызын қабылдады. 
Аудан басшысы Ардақ Бақдаулетқызын жеңісімен құттықтап, ноутбук табыс етті. Психология саласында 3 жылдан астам еңбек өтілі бар ұстаз Ардақ Бақдаулетқызы биылғы жылдың 30 қыркүйек күні Қызылорда қаласында өткен облыстық «Үздік педагог- психолог-2015» байқауында 1 орынды иеленген болатын. Ал 4-5 қараша күндері Балхаш қаласында өткен республикалық «Үздік жыл психологі» байқауында жүлделі 3 орынды қанжығасына байлады. Балабақшадан бастап ірі өндіріс орындары мен кәсіпорындарда жұмыс жасайтын педагог-психологтардың кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылған байқауға еліміздің түкпір- түкпірінен 90- ға жуық педагог- психолог қатысқан. 
Айта кетейік, Ардақ Бақдаулетқызы негізінен Семей облысы Аягөз қаласының тумасы, Жаңақорған ауданының келіні. Жоғары санатты мұғалім бүгінде ауданымызға қарасты Жаңарық ауылдық округіндегі №167 қазақ орта мектебінде ұстаздық етеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: