Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Тасбөгетте тұрақтандыру қорының тауарлары ұсынылған жәрмеңке өтті

Тасбөгет кентінде "Байқоңыр" ӘКК АҚ-ның серіктестері мен тұрақтандыру қорының тауарлары ұсынылған жәрмеңке өтті.


Жәрмеңкеде 30 тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарық бағасынан төмен бағада саудаланды. 
Атап айтқанда, 1 тоннадан астам ақталған күріш, 5 тоннадан астам картоп, 5 тонна басты пияз, 4 тонна сәбіз, 4 тонна 1 сортты ұн, 0,5 тонна қарақұмық жармасы, 1 тонна қырыққабат, 3 тонна қант, 1 тонна күбағыс майы, 14,5 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна ет пен шұжық, 3 тоннаға жуық нан және макарон өнімдері, 1 тоннадан астам сүт өнімдері тұрғындарға ұсынылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: