Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КЕРУЕН САРАЙ


Өзіндік тарихы бар Қызылорданың тамыры тереңде жатқаны белгілі. Сыр өңірінің бас ордасы кезінде Ұлы Жібек жолының бойындағы сауда-саттығымен танылған. Біз осыған дейін облыс орталығындағы Шанхай, Шымбай атауларының саудаға қатысы барын еститінбіз. Ал, Керуен сарай жайлы не білеміз?
Қаланың байырғы тұрғыны Мұратбек Оңталапов осы жайында бізге кеңінен әңгімелеп берген еді. «Бала күнімде осы атауды анамнан жиі еститінмін. Кейін білім алып, есейген соң түсіндік» деді кейіпкеріміз. Оның айтуынша, Керуен сарай ескі базарға кіреберістегі кірпіштен салынған ғимарат екен. Яғни, қазіргі Аль-Асад сауда үйі болып шықты.
1999 жылы Қызылорданың 180 жылдығына шыққан Бақберген Досманбетов пен Мәди Кереев еңбектерінде Сыр өңірінен кезінде жылына 18 мың сомның шикізаты әкетіліп, сол шамадағы сомада тауар жеткізілгені айтылады. Жылына 20 мың қой, кем дегенде 100 пұт жүн-тері және қыс айларында кептірілген балық тиісті жерлерге жіберілген.
Тарихи деректерге сүйенсек, ата-бабамыз Қытай мен Рим империясы арасын жалғаған. Ұлы Жібек жолы сол кезеңдерде Шанхай және Шымбай сауда-саттық жолы деген ұғым қалыптасты. Ол Керуен сарай арқылы басқарылып, кең-байтақ даламыздың түкпір-түкпіріне және көрші Өзбек жеріне жіберілген. Ресей тауарларымен сол аймақтар қамтамасыз ітілген. Шанхай сауда-саттық жолы Орынбордағы Керуен сарайдан Ресей өндіріс заттарын алған. Оның ішінде самаурын, қазан, шалғы, орақ, балта, кесе, шәйнек, шоқ арқылы қыздыратын үтік және ұн, қант, шәй, мата бар. Бұл дүинелер керуен арқылы Аралда жинақтап, күнделікті пароходқа тиеліп, Перовскі портындағы Керуен сарайдан реттестірген.
Дарияның батыс пен шығыс бөліктеріндегі Аламесек және Саудақұл елді мекендеріне бөліп жіберіп отырған. Оларда керуен жүктерін сақтайтын дүкендер мен керуен түйелерін бағатын арнайы орындар болған десе-ді. Сондай-ақ, батыс жақ бетін Шымбай сауда-саттық жолы, Аламесектен шыққан керуен томар өткелден өтіп Мұңайтпасты жағалап, Бұғар төбе құмына аялдайды. Томар өткел атауы екі жағын сексеуіл томарымен қалағаны арқылы шыққан. Ал, Бұғар төбе құмы, Бұқара керуеншілер жиналатын орын болған. Одан әрі Көксеңгір Қызылдың ішімен үрмені басып өтіп Зекетке аялдайды. Зекет атауы сол кездегі алым-салық жинайтын мекен болуы арқылы шыққан. Саудақұлда керуеншілер жиі жиналып, сонда олардың тұрағы орналасқан.
– Осының барлығы өлкеміздің тарихи атауларының бір-бірімен байланысты болғандығын айғақтайды. Әрине, мұндай тарихи құндылығымызды сақтап, оны келер ұрпаққа сол қалпында жеткізе білу біздің азаматтық борышымыз, – деді Мұратбек аға.
Қазан төңкерісіне дейін Керуен сарай үш жүздің басын қосқан мекенге айналды. Сауда-саттықпен шектелмей, елімізге қатысты маңызды шешімдер шығарылған. Қазір бұл жер – үлкен сауда орталығына айналды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: