Соттар 29 ұсталған адамды қамауға алудан бас тартты
ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ресми мәлімдемесіне арналған баспасөз конференциясы өтті.
Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов: «226 адам ұрлық, 60-сы қаруды заңсыз сақтау, 39-ы қаруларды жымқыру, 25-і бұзақылық, 21 тонау деректерімен қамауға алынды.
Басқа да қылмыстық істер бойынша ұсталған адамдар бар.
Осы жерде түсіндіріп өткен жөн болар, бір қылмыстық іс бойынша бірнеше адам, яғни сыбайлас қатысушылар болуы мүмкін.
Бұл деректер әлі де түпкілікті емес. Олар прокуратурамен ұстау негіздерін тексеру және соттарда қамауға алу істерінің қаралу нәтижесіне байланысты.
Атап айтқанда, 29 ұсталған адам бойынша соттармен қамауға алуға бас тартылған, олар қазір босатылды».