Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Желтоқсан оқиғасына қатысушылар қызылордалық жастармен жүздесті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 12 қазан күні облыстық «Жастар орталығы» ғимаратында Сыр жастары арнайы «Желтоқсан оқиғасының» қатысушыларымен кездесті. Кездесуге қызылордалық Аманбай Канетов пен Танбаева Базара Ермағамбетқызы қатысып, зұлмат жылдардағы оқиғаларды баяндап берді. 
Кездесу алдымен ызғарлы желтоқсан оқиғасын еске салатын «Желтоқсан желі» әні экран алдына ұсынылды. Одан әрі, кездесу модераторы, облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Мақсат Дауылбай қонақтарды қатысушыларға таныстыра өтіп, алғашқы сауалдарды да қоя өтті. 
1986 жылғы оқиғаны қайта ой елегінен өткізген Базара Ермағамбетқызы жастардың жігерінің, намысының нәтижесінде тәуелсіздігімізді алдық дейді. «Ұлттың намысына тиіп, төмендеткендерге қатаң жаза қолданылуы тиіс» деп сөзін қорытындылады. Кездесуде желтоқсаншылардың бірі Амантай Канетов өткен күнге шегініс жасап әңгіме бастағанда жиылған қауымның жүрегін шымырлатып, көзіне жас келтірді. Желтоқсан оқиғасы кезінде бірінші күні алаңға барып, полиция қызметкерлерінің жастарды адам айтқысыз айуандықпен қорлағанын езіле жеткізді. «Көтеріліс жайдан-жай болған жоқ. Қонаев атамызды орнынан алып тастаған себебі де аз болатын. 1986 жылға дейін де біздің елде қазақ ұлтына қатты қысым жасалған еді. Қоғамдық көліктегі орыс әйелдерінің қысымы, осындай-осындай қазақты толғандырған  мәселелер жиылып келіп,  желтоқсанда оқиғасымен шырықтау шегіне жетті» – дейді Амантай Канетов. Ол уақытта желтоқсаншы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының соңғы курс студенті болатын. Расында жаңа хабарды естіген кезде алғашында сенбегін айтып, кейіннен кешкі қорытынды жаңалықтарда радиодан хабарлаған кездегі әсеріміз, төбемізден су құйылғандай болды дейді. Сол жылдары бұл оқиғаның соңы Амантай Канетов үшін темір торға қамалуымен аяқталды. Алайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Желтоқсан оқиғасында» жазықсыз  жазаланғандарды ақтау туралы үндеу жариялап, желтоқсаншылардың босатылғанын айтты. 
Кездесу қорытындысында «Желтоқсан оқиғасында» абақтыға қамалған 99 адам мен ату жазасына кесілген жандарға арнайы кітап дайындалып, жақында жарық көретіндігін жеткізді. 
Бұл кездесу мәңгілік елдің босағасын бекітер бүгінгі жас аға ұрпақтың өткенінен тағылым алып, жастар өз тағдырларына өздері иелік ететін азаматтар болуы үшін, өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалардың ортасында болған батырлардың, әңгіме  -  өнегесін тыңдап, тарих беттеріндегі қалған парақтарды еске алу мақсатында ұйымдастырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: