Синоптиктер Қазақстанда 30 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығындағы ауа райының болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қара теңіз аудандарынан шыққан ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді, осыған байланысты еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. 35 градус суық болады.
Болжам бойынша, 30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. Түнде солтүстік-шығыста боран соғады.
31 желтоқсан батыста, ал 1 қаңтар оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қар, жаңбыр жауады.
Республика бойынша тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында желдің екпіні 23-28 м/с болады, Алматы облысы Алакөл ауданында 30 м/с-ке дейін жел күшейеді.