Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАҒА ЖОҒАРЫ СЫЙЫМДЫЛЫҚТАҒЫ АВТОБУСТАР КЕЛЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАҒА ЖОҒАРЫ СЫЙЫМДЫЛЫҚТАҒЫ АВТОБУСТАР КЕЛЕДІ «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жанынан «Қызылорда Автобус паркі» құрылды. Соның нәтижесінде қала тұрғындарын жоғары сыйымдылықтағы қоғамдық көліктермен қамтамасыз етуге мән берілді.
«Бұл мақсатта экологиялық таза, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді 30 автобус алынып, бүгінгі таңда тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында тағы да 82 автобус алынады» деді Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев қала тұрғындары алдындағы есепті кездесуінде.

ҚЫЗЫЛОРДАҒА ЖОҒАРЫ СЫЙЫМДЫЛЫҚТАҒЫ АВТОБУСТАР КЕЛЕДІ

«Қызылорда автобус паркі» ЖШС қала аумағында жолаушылар тасымалын ретке келтіру мақсатында «Байқоныр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қолдауымен бірінші кезеңге 20 бірлік үлкен сиымдылықтағы жаңа автобустар сатып алынды.
Қосымша жаңа автобустармен қамту мақсатында 2014 жылдың 15 желтоқсанында «Байқоныр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қолдауымен ЕБРР банкі және «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-і қатысуымен үш жақты келісім шарты жасалды. Осы келісім шарт негізінде 92 дана үлкен сыйымдылықтағы заманауи автобустар алу жоспарланған, соның 10 автобусы былтыр қалаға әкелінді.  Қалған 82 автобус Евразиялық Экономикалық Одақтың техникалық регламентінің хаттамаларына сәйкес сынақ есептердің тиісті мақұлдау құжаттарының рәсімделуіне байланысты, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында әкелінеді деп күтілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: