Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев коронавируспен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл ақпаратты «МузАРТ» тобының директоры Ерлан Жүнісбай растады.
«Мейрамбекті кеше түсте жедел жәрдем алып кетті. Бірден жансақтау бөліміне түсті. Алдымен пневмония деген, кейін коронавирус анықталды», - деді Ерлан Жүнісбай.
Оның айтуынша, қазір әншінің денсаулығы жақсы.
«Қазір жағдайы жақсы. Жасақтау бөлімінен палатаға ауыстырды.Телефонмен сөйлесіп отырамыз. Ұйымдамаңыздар, жағдайы жақсарды. Онымен кеше кешке сөйлестім. Бұл ауруға өзі сенбегенін айтты. Сондай-ақ ол Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтқысы келеді. Қазақстандықтар мұның қаншалықты қауіпті екенін түсініп, олардан үйде отыруын және қонаққа бармауын сұрады», - деді «МузАРТ» тобының директоры.