Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛА КӘСІПКЕРЛЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

ҚАЛА КӘСІПКЕРЛЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қызылорда облысының 100-ге жуық кәсіпкерлері «Жүрек жылуымен» атты қайырымдылық акцияға қатысты. Бұл шара биыл бірінші рет өткізіліп отыр. 
Акция аясында 1200 әлеуметтік аз қамтылған отбасыға жалпы құны 7 млн. теңгеге 22 «Газель» автокөлігімен азық-түлік пен қажетті киім-кешек үлестірілді. 
- Бүгінгідей қайырымдылық акциясының өткізіліп отырғанына біз өте қуаныштымыз. Әсіресе мереке қарсаңында көмек көрсетіп жатқан барлық азаматтарға алғысымызды айтамыз. Мен өзім отбасыммен жатқханада тұрамын. Мүмкіндігі шектеулі кішкентай немерем бар. Әлеуметтік көмекті қажет ететін мыңдаған отбасына қол ұшын созу шарасы дәстүрге айналатынына сенеміз, - дейді бүгінгі акцияға қатысушы қала тұрғыны Жанат Махамбетова. 
Бүгінгі шараға арнайы барған аймақ басшысы акцияны өткізуге атсалысып, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсеткен барлық азаматтарға, іскер адамдар мен мемлекеттік, қоғамдық ұйым өкілдеріне алғысын білдірді. 
- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекет пен бизнес экономикалық қана емес, әлеуметтік мәселелерді шешуде де әріптес болуы тиіс» деген болатын. Әлеуметтік әділдік, теңдік, өзара сыйластық пен қамқорлық туралы ниетті тек қана мемлекет емес, азаматтық ортаның өзінің көтеруі – қоғамымыздың кемелденгендігін көрсетеді. Сондықтан да, бұл құптарлық және жан-жақты қолдауға тұратын бастама, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. 
Акцияға атсалысқан белгіді кәсіпкерлер мен халық қалаулылары, мемлекеттік қызметкерлерден шара аясында ұйымдастырылған арнайы көмек жәшігіне 3 млн. теңгеге жуық қаржы жиналды. 
Ал акцияға қатысқан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы бекітілген автокөліктер азық-түліктерін үйіне дейін жеткізіп беріп жатыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: