Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ТАСБӨГЕТТІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың биылғы Халыққа Жолдауын, онда жүктелген міндеттер мен аталған маңызды құжаттан туындайтын тапсырмаларды бұқара арасында кеңінен түсіндіру және жалпы халықтың ахуалымен жақынырақ танысу мақсатында халық қалаулылары Сыр еліне де іссапармен келіп, аралап жүргені белгілі. Осы сапар барысында депутаттар қала іргесіндегі Тасбөгет кентіне де табан тіреп, кент жұртшылығымен кездесу өткізді.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұртай Сабильянов пен Наталья Жұмаділдаева қатысып, тасбөгеттіктердің жаңа Жолдауға көзқарасын, өзге де мәселелер бойынша пікірін білді. Жылы шыраймен қарсы алған кент халқына ризашылығын жеткізген депутаттар тұрғындар тарапынан қойылған қосымша сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдап, сөз етілген проблемалар Парламент отырыстарында қаралып, оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетіне сөз берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: