Қызылорда қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша Қызылорда қаласының әкімдігі біршама іс-шараларды жүзеге асырды.
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi жоспарда ормандарды қалпына келтiру, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қызметiн дамыту, мемлекеттiк орман мекемелерiнiң өрт-химия станцияларын материалдық-техникалық жабдықтау жөнiндегi iс-шаралар көзделдi.
Қазiргi уақытта Қызылорда қаласының қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесiн жаңғырту бағдарламасын әзiрлеу жүргiзiлiп жатыр. Шартты ұйымдастырылған үйiндiлердiң жағдайын кешендi талдау жүргiзiлiп жатыр: олардың жалпы саны, алаңы, жинақталған қалдықтар көлемi анықталуда. Аталған бағдарламаны iске асыру аясында өндiрiс және тұтыну қалдықтары орналасуының, қалдықтарды көму аумақтарының, тұрмыстық қоқыс үйiндiлерiнiң, тұрмыстық қоқысты жел қақтыратын аумақтардың өңiрлiк карталарын әзiрлеу жоспарланып отыр.