Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Назарбаевтану» ғылыми-оқу және «Мәңгілік Ел» оқу-тәрбие орталықтары ашылды.
Аталған орталықтар Елбасының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты ұлттық жоспарын, сондай-ақ, еліміздің «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында ашылып отыр.