Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыстық кәсіпкерлер палатасы заңнамалық актілерге түсіндірме жүргізді

Облыстық кәсіпкерлер палатасы заңнамалық актілерге түсіндірме жүргізді2014 жылғы 29 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заңға қол қойды. Аталмыш заң 1 қаңтардан бастап күшіне енді. 
Осы ретте, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары Дархан Мырзалиев аталмыш нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер туралы толықтай түсіндіріп берді.  
Енгізілген өзгерістерге сәйкес бақылау және қадағалау тексерілетін субъектілерді (объектілерді) төрт топқа бөлу арқылы жүргізіледі.  
Бірінші топқа өздеріне қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары қолданылатын, тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады.
Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі мынадай бақылау және қадағалау салаларында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге (объектілерге) қатысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде:
1) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында;
2) атом энергиясы саласында;
3) өрт қауіпсіздігі саласында;
4) жарылғыш және улы заттардың, радиоактивті материалдар мен заттардың айналысы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;
5) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;
7) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қолданылады.
Соның бірінде, эпидемиялық маңыздылығы жоғары обектілерде тексерулер жүргізудің мерзімділігі: тәуекел дәрежесі жоғары болған кезде - жарты жылда бір реттен; тәуекел дәрежесі орташа болған кезде - жылына бір реттен жиі болмауға тиіс.
ҚР Бас прокуратурасы тексеру жүргізудің жартыжылдық және жалпы жиынтық графигін ресми интернет-ресурстарында әр жылдың 25 мамырына және 25 желтоқсанға дейін жариялайды. 
Екінші топқа өздеріне қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатқызылады. Ішінара тексеру жүргізу үшін бақылау және қадағалау органдары: жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікке, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелеріне, өзге де ақпаратқа талдауға байланысты жүргізеді.
Алайда, екінші топқа жатқызылған тексерілетін субъектілер (объектілер), егер мұндай тесерілетін субъектілер үшінші тұлғалардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасқан болса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші топқа ауыстырылуы мүмкіндігін айта кету керек. 
Үшінші топқа жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатқызылады:  тексерудің нәтижесінде және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру қатерінің туындауы туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және т.б.
Төртінші топқа өздеріне қатысты тексерулер жүргізілместен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары ғана жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатқызылады.

Қызылорда облысының 
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: