Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Волонтерлық жұмыс денсаулыққа пайдалы - ғалымдар


Ғылым еш ақы күтпестен жақсылық жасаумен айналысу, яғни, волонтер болу денсаулыққа жақсы әсер ететінін анықтады, деп жазады
ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.
«Волонтерлық жұмыс күйзелісті азайтып, депрессияны жояды. Сонымен қатар когнитивті кемшіліктердің пайда болу қаупін азайтады. Тіпті, волонтерлық жұмыс өмірді ұзартуға да әсер ете алады», деп жазады автор.
Оның айтуынша, тиісті зерттеу нәтижелері Дүйсенбі күні АҚШ ұлттық ғылым академиясының журналында жариялаған. Зерттеуге 287 адам қатысқан.
Тағы бір зерттеуде ауырсынудан арыла алмайтын ракпен ауыратын адамдар емделу орталығында басқаларға бөлмелерін жинауға көмектескен. Ғалымдар МРТ арқылы олардың миы көмек көрсету кезінде ауырсынуды сезінбейтінін анықтаған. Мидың дәл осы қызметі қайырымдылыққа ақша жұмсағанда да осылай жұмыс істеп, ауырсынуды сездірмеген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: