Қазақ қашаннан төрт түлік малды береке мен байлықтың басы санасап, көп игілігін көрген.
Маңғаз жатқан маң далада ата-бабаларымыз мал өсіріп, оны тікелей тірлік-тіршілігіміздің тиімді көзіне айналдыра білген. Даңқы мен абыройын төрт түлікті күтіп, бағып еңбек адамына айналға бабаларымызда көптеп кездеседі.
Солардың бірі, Социалистік Еңбек Ері, шопан Нартай Көкиевке биыл 115 жыл. Еңбек Ерін ұлықтау мақсатында Керделі елді мекенінде «Ел игілігіне үлесі мол бас шопан» атты танымдық кеш өткізілді.
Кеш аясында аудан басшысы Қ. Сәрсенбаев сөз алып, Нартай Көкиевтің өмірі мен еңбегі жайлы айта өтіп, жиылған жұртшылықты құттықтады. Танымдық кеш аясында Нартай Көкиевтің көзін көрген елағалары естеліктер айтты.