Қызылорда «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының өңірлік кезеңінің қорытындысын шығаруға әзірленуде.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің хабаралуынша, биылғы жылдан бастап «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының аймақтардағы ұйымдастырушылары болып 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларындағы Кәсіпкерлер палатасы белгіленді. Конкурстың мақсаты - кәсіпорын мен мекеменің қызметтін қолдау, жергілікті өнімнің сапасын арттыру, сонымен коса Қазақстанның нарығында өнімнің жоғарғы сапалы және басеке қабілеттілігін арттыру. Конкурс үш: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша жүргізіледі.
Бүгінде Қызылордада өндірілетін өнімдер тұтынушылар тарапынан сұранысқа ие болып, үздіктер конкурсында да жеңімпаз атануда.Солардың бірі «РЗА» АҚ. 2014 жылы қызылордалық «РЗА» АҚ ҚР Президентінің «Алтын сапа - 2014» сыйлығы бойынша «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын» номинациясының иегері атанды. 2000 жылдары өз қызметін бастаған «Рза» АҚ Қызылорда облысындағы тұрақты жұмыс жасап келе жатқан, қуатты техникалық және өндірістік базасы, жоғары дәрежелі инженерлік-техникалық қызметкерлері, бай материалдық ресурстары бар ең ірі мекемелердің бірі.
«РЗА» АҚ облысқа қарасты Қазалы ауданында 1200-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар, мекеменің Қызылорда, Алматы және Астана қалаларында тұрақты өкілдері бар.«РЗА» АҚ бүгінде сүт, нан, шұжық өнімдерін өндірумен бірге дәнді дақылдар мен мал азығына арналған дақылдарды да өсіреді.
Кәсіпорын Қазақтанның индустриалдық даму картасының белсенді қатысушысы болып табылады. Аталмыш бағдарлама шегінде кәсіпорын 2010 жылы ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырды: экспортқа бағытталған сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша типтік жобадағы тауарлы сүт фермасы және ауысымына 30 тонна сүт өңдейтін сүт зауыты салынды. Серіктестіктің негізгі қызмет түрі - асыл тұқымды мал шаруашылығы, ет және сүт өндіру. Венгриядан 660 бас асыл тұқымды ірі қара әкелінді. Қазіргі таңда олардың саны 1600 басқа жетті. Әрбір сауын сиырдан 8000 литр сүт сауылып, жылына 5500 тонна сүт өндіріледі.
2015 жылдың 6 айында 2755,5 тонна сүт өндірілді. Кешенге қажетті құрал жабдықтар Голландия, Ирландия, Германия мемлекеттерінен алынған. Кәсіпорынның тәулігіне 30 тонна сүт өндіретін зауыты Еуропаның озық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Зауытта пастерленген және ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, ірімшік, сары май, құрт өнімдері шығарылады. Сүт өнімдері Қызылорда облысының аумағымен бірге Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында сатылуда.
2015 жылдың 6 айында 1824,6 тонна сүт, 380,8 тонна айран, 9,9 тонна қаймақ, 11,9 тонна ірімшік, 4,6 тонна май, 3,7 тонна құрт өндірілді.
Айта кету керек, биылғы жылы «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы Қызылорда облысында 19 тамызда өткізіледі деп жоспарлануда.