Қармақшы ауданында Құрбан айт мерекесі атап өтті. Бұл шараға аудан әкімі Сұлтан Мақашев қатысты.
- «Көптеген ұлыстардың мекені атанып отырған ауданымызда да түрлі дін өкілдері татулық пен береке-бірлікте өмір сүріп, әдет-ғұрыптарын жандандырып, дамытып келеді. Бұл жетістікке қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық қатынастардың тиімді жақтарын ұтымды пайдалана білу арқылы қол жетті. Жаратушымыз бүгінгі мерекеде Тәуелсіз елімізге, бауырмал халқымызға шапағатын жаудырсын!» - деп аудан әкімі Сұлтан Мақашов «Марал Ишан» мешітінде барша мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Бүгінде ауданымыздағы 12 мешіт толығымен қайта тіркеуден өткен болса, Баба ұрпақтары Жосалы кентінен бой көтеріп жатқан «Қармақшы ата» мешіті ел игілігі үшін қызмет ететін болады.