Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қармақшыдағы құс фабрикасы жақында ашылады

Мемлекет басшысы Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту еліміздің әлеуметтік – экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында құрылысы басталған «Қармақшы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылыс аяқталуға жақын. Жобаның жалпы құны 1,9 млрд теңгені құрайды.
Қармақшы ауданының әкімі Қайрат Ырзақұлұлы Ақтөбе ауылдық округіндегі жұмыс сапары барысында құрылыс жұмыстарын аяқтауды тапсырып, тездетіп өнімді шығару және сату бағытында жауапты сала мамандарына тапсырмалар жүктеді.
Құс фабрикасы іске қосылған жағдайда 70-ке дейін жұмыс орындары ашылып, жергілікті жұмыссыз азаматтарды тарту көзделуде.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 1,2 млрд теңгені құрады.
Аталған қаржыға құс фабрикасының әкімшілік және бақылау-өткізу пунктінің, 6 құс цехтарының және инкубациялық цехтың құрылыс жұмыстары, құс сою цехының металл конструкциялық жабынын монтаждау жұмыстары жүргізіліп, құс фабрикасының аумағы қоршалды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы құс фабрикасын іске қосу мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы аясында электр және сумен жабдықтау желілері, кәріз су желілері жүргізу үшін 400 млн жуық қаржы қаралып тиісті жұмыстар атқарылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: