Қызылорда қаласында тұратын жеке кәсіпкер Жадыра Құлмырзаева Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда филиалынан несие алды. Оған «Jadyra» тігін шеберханасын ашқан болатын.
Бұл – кәсіпкердің үшінші шеберханасы. Тігіншілердің өнімдеріне сұраныс жоғары - олар мектеп оқушыларына киім, арнайы формалар, кешкі көйлектер тігеді. Сондай-ақ, шеберханалар ескі киімдерді қалпына келтіреді, қалыңдықтарға жасау дайындайды.
«Айта кетерлігі, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйым. Қордың негізгі міндеті – агроөнеркәсіп кешені саласындағы басымдыққа ие салалар бойынша ауыл кәсіпкерлігін қаржыландыру», - дейді қолдау қорының мамандары.