Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада екі жастағы сәби үшінші қабаттан құлап кетті

Қызылорда қаласында үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен екі жастағы сәби құлап кетті.
25 шілдеде сағат 21.16-да облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама келіп түсті. 
«Онда Қызылорда қаласы, «Астана» шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатының терезесінен 2021 жылғы қыз баланың құлап кеткені айтылған. Ол ересектердің қарауынсыз қалған. Сәби жарақат алып, ауруханаға жатқызылған. Жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оқиға орнында департаментінің қызметкері мән-жайды анықтады. Тұрғындардан барлық қауіпсіздік шараларына назар аударуын сұраймыз», - деді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының бас маманы Айгүл Нұрманова. 
Айта кетсек, жыл басынан бері жеті бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.
Оның арасында біреуі алған дене жарақатынан көз жұмды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: