Соңғы бес жылда Қызылорда қаласының әлеуметтік саласында ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 2013 жыл 5 мектеп, 14 балабақша пайдалануға берілді. Олардың қатарында Назарбаев зияткерлік, Түркістан көшесінде 1200 орындық мектеп, Бірқазан елді мекенінде 50 мектеп пен Досан, Талдыарал ауылдық округтерінде 100 орындық жаңа білім ордалары ашылды. Сондай-ақ, дәл осы жылы 1 мемлекеттік және 13 жеке балабақша ел иігілігіне айналды.
Оған қоса Махамбетов және Қызылжарма ауылдық округінде 150 орындық ауылдық клуб пайдалануға берілді.
Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында 23 балалар спорт алаңдарын салуға облыстық бюджеттен 103 млн. теңге бөлінген.
Ал 2014 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға бейімдеу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 7 аула клубы ашылды. Жыл ішінде 800-ден аса мүгедек қамтылды.
Айта кетерлігі, 3 жаңа мемлекеттік балабақша халыққа қызмет көрсете бастады. Атап айтқанда, олардың қатарында Қызылжарма ауылдық округіндегі 280, Қызылорда қаласындағы 140 орындық «Сыр самалы» және 90 балаға арналған «Заңғар» мемлекеттік балабақшалары бар. Олардың қатарында 00 орындық 1 жеке шағын орталығы да бар.
Қалада «Қажымұқан» атындағы спорт клубы ашылды. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 12 млн. теңге бөлінді.
Облыстық және қалалық бюджеттен бөлінген 498,9 млн. теңгеге қалада және Тасбөгет, Ақсуат, Қарауылтөбе, Ақжарма, Қызылжарма секілді 5 ауылдық округте 37 спорт алаңы мен балалар ойын алаңдары салынды.
Мұндай шаралар 2015 жылы да жалғасты. Жаңа оқу жылында Ипподром мөлтек ауданында және Қорқыт ата көшесінде 900 орындық екі мектеп пайдалануға берілді.
Жыл сайын спорттық ғимараттар саны артып келеді. Демеушілердің көмегімен «Сыр самалы» жағажайында жағажай футболының алаңы және заман талабына сай 5 футбол алаңдары салынды.
Жыл ішінде ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында жаңадан «Ипподром» және заманауи үлгідегі барлық талаптарға сай «Бокс орталығы» ашылды.
Ал 2016 жыл Тасбөгет кентіндегі 300 орындық мектеп Ұлттық қордан және жергілікті бюджет есебінен пайдалануға берілді. Облыс орталығындағы Көшербаев көшесі бойындағы 280 орындық балабақша құрылысына Ұлттық қордан және жергілікті бюджеттен 374,5 млн. теңге бөлініп, пайдалануға берілді.
Ұлттық қордан, республикалық және қалалық бюджеттен барлығы 593,7 млн. теңгеге 6 орта мектеп пен 1 балабақшаға күрделі жөндеу және 14 орта мектеп пен 2 балабақшаның ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2017 жылы қаланың 4 аумағында демеушілер есебінен «Стрит варкаут» спорт алаңдары салынды. Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына 20 балалар ойын алаңдары мен спорт алаңқайларын орнатуға облыстық бюджеттен 80,0 млн.теңге бөлініп пайдалануға берілді.
Тасбөгет кентіндегі 140 орындық балабақша құрылысына облыстық бюджеттен 100,0 млн. теңге бөлініп құрылыс жұмыстары аяқталды.