Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫСырдария ауданының орталығы – Тереңөзек кентінде тоғызқұмалақтан Н.Ергешбаевты еске алуға арналған IX республикалық рейтінгілік турнир басталды. 
Турнирге Алматы қаласы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 255 спортшы швейцар жүйесімен классика түрі бойынша бақ сынасуда. 
Олардың арасында 6 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 15 спорт шебері, 60 спорт шеберлігіне үміткерлер бар. Соның ішінде Әлем чемпиондары Хәкімжан Елеусінов (Қызылорда обл.),Нұрбек Кабиев (Ақтөбе обл.), Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері Жанат Қаймулдин (Павлодар обл.), Сайлан Матылов (БҚО) және Азия чемпионы Роза Райымбековалар (Павлодар обл.) сынға түсуде. Турнир 6 наурызда қорытындыланады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: