Сот ісін жүргізуде заманауи технологияларды қолданылады
Өткен жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен «Қазпошта» АҚ» Қызылорда облысының соттарында «Гибридтік электрондық почта» пилоттық жобасын ендірген болатын.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хъабарлауынша, гибридтік почта – бұл электрондық құралды пайдалану арқылы алушыға жеткізілетін қағаз почта.
Осы жағдайда электронды түрде почта мекемесіне хабарламаны жолдап, ол сол жерде қағаз түрінде шығарылып, конверттерге салынып алушыға шұғыл жеткізіледі. Бұл бір жағынан тапсырыс берушінің хат-хабарды жіберу шығынын азайтып, мысалға көп көлемдегі шоттар мен хабарламаларды, ал екінші жағынан почта қызметкеріне қағаз хаттарды жеткізу бойынша қолайлы және сапалы қызмет ұсынуға мүмкіндік беріп отыр.
Қазіргі таңда көпсалалы пошта байланысымен үстіміздегі жылдың қаңтар-ақпан айларында жалпы Қызылорда облыс соттарымен 2961 электронды түрде хабарламалар жолданды. Оның басым бөлігі Қызылорда қалалық сотында және Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жолданған.