Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Білім саласында жаңалық көп

Биылғы жылғы облыстық педагогтердің тамыз кеңесі «Цифрлы Қазақстан: жаңа замандағы білім беру»тақырыбы аясында өткізілді. Себебі қазіргі ақпараттық қоғамда, үздіксіз дамып келе жатқан әлемдік өркениетте адамзатты кемел ойға тек білім ғана жетелейді.


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайының үшінші отырысында «Қазақстан жаппай цифрланған және жасанды интеллект жүйесі қарқынды дамыған елге айналуға тиіс. Бұл – біздің стратегиялық міндетіміз. Бұл технология жақын арада әлемді түбегейлі өзгертеді» деп ерекше атап өткен болатын.
Цифрлық технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, ең алдымен, сапалы контент жасау, дербестендірілген оқыту мен бағалау үшін жағдайлар жасауға, әрбір білім алушының, педагогтің және білім беру ұйымының қажеттіліктерін ескере отырып, оқу процесін жетілдіруге бағытталады.
Деректерді талдау және болжау негізінде білім беру ұйымдарын тиімді басқару үшін қолданылады. Осы ретте, өңірімізде білім беру саласын цифрландыру және интерактивтік технологияларды оқу процесіне енгізу бағытында бірқатар шаралар атқарылуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру Жол картасының 82-тармағы бойынша, балалар қауіпсіздігін, асхана мен кітапхана жұмысын цифрландыруға бағытына облыстық бюджеттен 120 млн теңге қаржы бөлініп,  87 мектепке аппараттық бағдарламалық кешен орнатылды.
Қазіргі таңда мектептерде 865 жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын кабинет болса, биыл 56 жаңа пәндік кабинет сатып алуға 496 млн 871 мың теңге қаржы бөлінді.
Қызылорда қаласындағы мектептері 484 интерактивті панель, 14 мектеп ЛЕД-экрандармен жабдықталды. Бастауыш сынып және ерекше қажеттілігі бар балалар үшін 17 интерактивті логопедтік құрылғылар орнатылуда. Сонымен қатар, 6 Айти-мектеп-лицейге жасанды интеллект элементтерін тереңірек меңгерту үшін адамтәрізді роботтар алынды. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 878,2 млн.тг. қаржы бөлінді.
«Қазақстан Халқына» қоры арқылы ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар ретінде 2024 жылы 3 мектеп интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықталуда. Жоғарыда баяндалған цифрлық ресурстарды білім беру процесінде тиімді қолданып, оқу сапасын арттыру білім беру ұйымдарының басты мақсаты болып табылады.
Осы уақытқа дейін облыс бойынша «Айти-балабақша», «Бағдарламалау мектебі», «Айти-аймақ-орда», «Балалар технопарктері» жобалары жүзеге асырылған болатын. Бұл ерте жастан бастап, цифрлық технологиялар мен білім беру ресурстарын меңгертуді қамтамасыз ету, балабақшадан бастап – мектеп – қосымша білім беру ұйымдарында Айти - білім берудегі сабақтастық үлгісін қалыптастыру бағытында жасалып жатқан шаралар көрінісі.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде «Астана хаб» халықаралық «Айти-стартаптар технопаркі» корпоративтік қорымен бірлесіп, мектеп оқушыларына бағдарламалау негіздерін оқыту онлайн - білім беруплатформасына пилоттық режимде 21 мектеп қатысуда.
Пилоттық мектеп педагогтары«Жасанды интеллект» және «Гейм Девелопмент» бағыттарымен 6 айлық курстан өтуде. Арнайы біліктілік арттыру курстарынан өткен педагогтер 2025 жылдың қаңтар айынан бастап оқушыларды бағыттар бойынша оқытуды бастайтын болады.
Өткен оқу жылында облыстағы 330 мектепте балалар контингенті 181 804 болса, жаңа оқу жылында 184 924 оқушыны құрап, былтырмен салыстырғанда 3 120 балаға артты. Биыл 1 - сыныпқа 17 383 бала қабылданды. Олардың 93,1 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Қызылорда қаласында ( 8 мыңнан астам), Жаңақорған ауданы (1708), Шиелі ауданында (1600-ден астам) тіркелген. 
2024-2025 оқу жылында 297 мемлекеттік, 33 жеке мектептерде 184 856 бала білім алады. Сонымен қатар, 11-сыныпта оқитындардың саны 10 452 баланы құрап отыр.
Жалпы жаңа оқу жылында меже бойынша 1-сыныпқа 17 383 бала қабылданады деп күтілуде.
Жаңа оқу жылының ұзақтығы 1 - сыныптарда – 33, 2-11 сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ, тілдерді кезең - кезеңімен оқыту шеңберінде 3 - сыныпта «Шет тілі» пәнін оқыту енгізілсе, «Көркем еңбек» пәнін «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндеріне бөліп оқыту жалғасады. Оқыту мен бағалауда жасанды интеллектіні қолдану аясы кеңейтіледі. «Жер елшілері» креативті жастардың Бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы» жобасы шеңберінде білім алушыларға экологиялық білім беру жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 576 қаулысына сәйкес өңірде 15 мектепте 1-сыныптан бастап шахмат арнайы пән ретінде оқытылады. Қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімдері арнайы біліктілік арттыру курстарынан өтуде.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі жастағы балалардың даму картасын автоматтандырды. Осының негізінде карта балалардың дамуын бақылауға және олардың бойында дағдылардың қаншалықты қалыптасқанын бағалауға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың даму картасы бастауыш сынып педагогтері үшін балалардың мектеп бағдарламасын одан әрі меңгеруінде маңызды құрал болмақ. Карта цифрлық форматқа ауыстырылып, Ұлттық білім беру деректер базасымен өзектендіріліп, бұл мектептерге ақпаратты беруде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді.
 Мектепке дейінгі жастағы балалардың даму картасы бізге әр баланың қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және оны мектепте сәтті білім алуға дайындауға мүмкіндік береді. Картада дамудың барлық маңызды аспектілері көрсетілген.
Айта кетейік, өңірімізде 2-6 жас аралығындағы жобалық қуаты 52 000 баланы қамтитын 678 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.
Жазғы демалыс кезінде бірінші сыныпқа баратын балаларға бірдей бастапқы мүмкіндік беру мақсатында мектепалды дайындыққа арналған «Балақайлар мектебі» атты қысқа мерзімді бағдарлама ұйымдастырылған болатын.
Бағдарлама мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді, балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді. 
Аталған бағдарлама мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленді.
«Жазғы кезеңде мектепалды дайындықтан 27403 бала өтіп, 1366 топтар мен сыныптардан  бастауыш сынып мұғалімі мен мектепалды даярлық педагогтерінің қатысуымен оқыту ұйымдастырылды. 
Оқыту барысында балалардың физикалық, коммуникативтік, интеллектуалдық, шығармашылық және әлеуметтік-эмоционалдық дағдылары, сондай-ақ мектепке оң көзқарасын дамытуға басымдық беріледі.
Айта кету керек, мектепалды дайындық бағдарламасы маусым, шілде, тамыз айларына арналған. Білім беру процесін білікті бастауыш сынып мұғалімдері немесе мектепалды даярлық педагогтері жүзеге асырды.
Елімізде “Қазақстан мұғалімі - Ұлттық сыйлығы” байқауының финалистері анықталды. 2200 үміткер қатысқан ұстаздар додасында терең білімі мен тынымсыз еңбегі арқылы көзге түскен 50 мұғалім үздік деп танылды. Олардың қатарында Арал ауданындағы Ж.Әбдірашев атындағы 62 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Алтынбек Кикбаев пен бастауыш сынып мұғалімі Гүлсара Баймаханова бар. 
Айта кетейік аталмыш байқауда бақ сынаған қатысушылар бірнеше бағалау талаптары бойынша іріктеліп, ақтық мәреге жолдама алған болатын. Финалдық кезең Қазан айында қорытындыланып, жеңімпаздар сол кезде анықталмақ. Яғни үздіктердің ішінен қара үзіп шыққан 10 мұғалім жүлдеге іліксе, жеңімпаз байқаудың Халықаралық кезеңіне жолдама алады.
Өңірдегі 28 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлаудың 11 бағыты бойынша 19 871 студент білім алуда. 
Облыстағы Қазалы және Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі базаларында орта мектептердегі 10 - 11 сыныптардан 46 оқушы жұмысшы біліктілігімен эксперименттік білім беру бағдарламаласы аясында білім алуда. Яғни, мектеп бітіруші аттестатпен бірге жұмысшы біліктілігінің дипломын алып шығады. Жоба биыл да жалғасын табады. 2 колледжге 50 оқушы қосымша қабылданады.
Біріншіден, білім алушылардың мамандық иемденіп,  еңбек нарығына ерте араласуына, екіншіден, қоғамда жұмысшы құзыреттілігінің беделі мен жастардың қызығушылығын арттырады.
Колледждерді бітірген жас мамандарды тұрақты жұмысқа орналастыруға бағытталған мақсатты мемлекеттік тапсырыс жобасы да жүзеге асырылуда. 
Бұл жоба бойынша жұмыс беруші кәсіпорындар талапкерлермен және оқу орындарымен үш жақты келісім шартқа қол қояды. Студенттердің оқу-өндірістік іс-тәжірибеден сапалы өтуіне мүдделі болады, нәтижесінде бітіруші түлектерді тұрақты жұмысқа қабылдайды. 
Жоба аясында  өткен жылы - 251 талапкер әңгімелесу арқылы оқуға қабылданса, ағымдағы жылы 350 талапкерді қабылдау жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие үдерісіне шетелдік тәжірибе ендіруде облыстағы 2 колледж халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатты. 
Атап айтқанда, М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі Германияның Лейпциг университетімен педагогика, психология саласында, Мәскеу психоанализ университетімен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша, сондай-ақ, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжі Американың «Ұлттық құрылыс және білім беруді зерттеу орталығы» ұйымы және Германияның «Аға сарапшылар қызметі» ұйымымен «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша келісімге келді. Аталған келісім - өңірдегі кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуға септігін тигізетіні сөзсіз.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға өседі. Бұған дейін жұмысшы мамандықтарында оқитын білім алушылар орта есеппен 45 750 теңге алып келсе, жаңа оқу жылынан бастап 61 000 теңге көлемінде шәкіртақы алатын болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: