Қызылордада ірі зауыттардың жанынан шағын өндіріс орындары ашылмақ
Қызылордада индустриялық бағыттағы ірі зауыттардың жанынан шағын өндіріс орындары ашылмақ. Биыл облыста 500-ден аса адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін 4 жоба жүзеге асады. Яғни құс фабрикасын салу, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру, испан технологиясы бойынша тұз өндірудің үшінші цехын салу және шыны зауытының құрылысы жалғсады.
Халық алдындағы алғашқы есепті кездесу өткізген облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа өндіріс орындарын құру арқылы өнім өндіру көлемін арттыруға болатын жеткізді.
- Кальциленген сода зауытының айналасында ас содасын, жуу құралдарын, еріткіштерді және басқа да өнімдерді шығару бойынша жоспарымыз бар. Биыл "Шалқияда" тау-кен байыту камбинатын және кальцийленген сода өндіру зауыт құрылысын жалғастырамыз. Ал, шыны зауытының айналасында 8 өндіріс ашамыз. Оның ішінде3 жоба аяқталуда, яғни шыны талшық, айналар, шыны ыдыстар мен ыдыстар өндірісі,-деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Өткен жылы облыста индустрияландыру бағдарламасы аясында 1,5 млрд. теңге қаржыға 3 жоба жасалған.