Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Өзбекстан азаматы қамауға алынды

Өзбекстан азаматы қамауға алындыЖаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасы азаматы А.Ю-қа қатысты қозғалған әкімшілік іс қаралды.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжаттарын тексеру кезінде анықталғандай, Өзбекстан Республикасы азаматы А.Ю жеке мақсатпен келдім деп, келу мақсатына сай болмай,  ауызша мәміле жасап, құрылыс алаңында рұқсатсыз жұмыс істеген.
Сотта Өзбекстан Республикасы азаматы А.Ю кінәсін мойындап, шын жүректен өкініп, рұқсатсыз жұмыс істегенін көрсетті.
Сот Өзбекстан Республикасы азаматы А.Ю Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен кінәлі деп танып, 3 (үш) тәулікке қамаққа алуға қаулы етті. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: