Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

Айкөпешев Мұрат Маликаждарұлы қала әкімінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі №229 өкімімен қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Ол бұған дейін қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде сектор меңгерушісі қызметін атқарған. Еңбек жолын 1980-1982 жылдары Қармақшы ауданында инженер-гидротехник қызметінен бастаған. 
1988-1997 жылдары аралығында облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің инженері, бас маманы болды. 2003 жылдан осы кезеңге дейін қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде маман, бас маман, сектор меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: