ҚАЗАЛЫДА ПРОКУРОРЛАРДЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
6 желтоқсан – Прокуратура күніне орай аудандық мәдениет орталығында салтанатты жиын болып өтті.
Конституция мен заңдардың сақталуын қадағалау, азаматтардың құқықтарын қорғау – бүгінгі прокуратураның басты міндеті. Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов кәсіби мерекемен құттықтап, прокуратураның бір топ қызметкерін марапаттады.
Аудан прокуроры Ғ.Едігеев қадағалау органының құрылу тарихына тоқталып, бүгінгі таңдағы мақсат-маңызы да жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ, ел игілігі жолында бірлесе жұмыс жасап жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Мереке иелерін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов та құттықтады. Салтанатты жиын аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.