Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДЫҚ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

 

Жас кәсіпкерлердің сауаттылығын арттыру мақсатында Қызылорда кәсіпкерлер ассосациациясының директоры, халықаралық деңгейдегі тренер Клара Жанғабылованың қатысуымен семинар-тренинг өтті. 
Шараға аудандағы жас кәсіпкерлер мен Арал индустриялдық-техникалық колледжінің «тігін ісі» және «аспаздық» мамандықтары бойынша білім алып жатқан 25-ке жуық студент қатысты. 
Дәріс барысында тренер Клара Жанғабылова бизнес жоспар дайындау, өз кәсібіңнің әлеуетін арттыру, жаңа кәсіп түрлерін халыққа кеңінен насихаттау арқылы бизнес әлемінде өз орыныңды қалдыра білудің қыр-сырын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді. Жастарды жалықтырып алмауды көздеген тренер сергіту сәттерін ұйымдастырып, бойдағы жағымсыз энергияны шығарды. Сонымен қатар, семинар кофе-брейкке жалғасып жастар еркін форматта әңгімелесті.
Семинар соңында тренер Жанғабылова Клара Нұртазақызы жастарға өз авторлығымен жарық көрген әдістемелік, нұсқаулық кітапшалар және сертификаттар табыстады. Сондай-ақ, естелік суретке түсті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: