Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ЕРЖІГІТ БОЗҒҰЛОВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

ҚАЗАЛЫДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ЕРЖІГІТ БОЗҒҰЛОВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІАудан орталығы Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицейге Бозғұлов Ержігіт Сексенбайұлының есімі берілді. 
Ержігіт Бозғұлов Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген инженер-гидротехнигі, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері болған. 
Облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысқан шарада мектеп маңына орнатылған Е.Бозғұловтың ескерткіші салтанатты түрде ашылды.
Ардагердің жары Назира Сембіқызы жұртшылыққа шынайы алғысын айтты. Сондай-ақ лицейдің үздік мұғалімі Мұқағали Сансызбаев пен озат оқушы Элдар Куанышқа «Ержігіт Бозғұлов» атындағы стипендия, ал Ержігіт есімді бір топ шәкіртке «Ераға» кітабы сыйға табысталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: