Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Өліммен тұспа-тұс келдім»: Сәкен Майғазиев бір өлімнен аман қалды

«Музарт» тобының солисті Сәкен Майғазиев Нартай Аралбайұлымен сұқбаттасты. Бұл сұқбат барысында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар әнші өзінің Израильда басынан өткен жағдайды айтып берді, деп хабарлайды Newsroom ақпарат агенттігі.

«Басымнан өткен бір жағдайды айтып берейін. 2014 жылы исламтанушы Амангелді Еранғаев деген ғалыммен қасиетті Әл-Ақса орнында болдық. Ол Мекке мен Мәдинадан кейінгі үшінші қасиетті орын.
Қадір түнін сол жерде қарсы алайық деген ниет болды. Сонда мұсылмандар мен мұсылман еместердің арасында болған қақтығысты көзіммен көрдім. Біз кіре алмай тұрмыз. Олар 50-ге дейінгі ер-азаматтарды кіргізбейді, яғни жастарды.
Содан Амангелді қажы араб азаматтарға қоңырау шалып, Ясин сүресі мен Фатиха сүресін оқып кіруге тырыстық. Жаңағы жастар бағынбай, көтеріліп кетті. Содан Израиль әскері автоматтарымен келді.
Төбемде тұрып шүріппені басып жіберуге сәл қалды. Сол жерде шүріппені басып жібергенде, кетіп қалар едім. Кәлимамды айтып, отбасым көз алдыма келді. Жаңағы араб азаматтары артқы есікпен кіргізіп жіберді. Соғысты көрдім демеймін, өліммен тұспа-тұс келдім», &mdash деді әнші Майғазиев.
Сонымен қатар Сәкен Майғазиев басқа да мәселелер туралы айтып, журналистпен жақсы сұқбат құрды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: