Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Автокөліктерді заңсыз тіркеген сақшы жазасын алды

Автокөліктерді заңсыз тіркеген сақшы жазасын алдыСотталушы Д. Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі жол полициясы бөлімшесінің тіркеу-емтихан қабылдау тобының аға мемлекеттік автоинспекторы лауазымында қызмет атқарған еді. Солай бола тұра, заңға қарсы іс-әрекет жасаған. 
Қармақшы аудандық сотының хабарлауынша, сотталушы құқық қорғау органының қызметкері ретінде қылмыстың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және ашуға берген антын бұзып, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмысқа барған. Сотталушы Д. бірқатар автокөліктерді заңсыз тіркеп, мемлекеттік белгілерін және техникалық куәліктерін берген. Аталған факт бойынша Д.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 307 бабының 2 бөлігі және 314 бабының 2 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, айыпталған.
Аудандық соттың үкімімен Д. ҚР ҚК-нің 307-бабының 2-бөлігімен және ҚР ҚК-нің 314-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, түпкілікті 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, ҚР ҚК-нің 63-бабының 1-бөлігінің талабына сәйкес, оған тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы шартты деп есептеліп, 1 жыл сынақ мерзімі тағайындалған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: