Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

24 желтоқсан күні Жаңа жыл мерекесі аясында Қызылорда қаласында барлық аудандар мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. 
Жәрмеңкеде Сыр диқандары мен шаруалары өндірген өнімдерін төмен бағада ұсынатын болады.
 Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінің өтетін орындары: 
· Арал және Жалағаш аудандары – С. Торайғыров көшесінің бойы;
· Қазалы және Сырдария аудандары – "Шұғыла" мөлтек ауданы, Ғ. Мұратбаев көшесінің бойы;
· Қармақшы ауданы – "Ақмешіт" мөлтек ауданы, Журба көшесінің бойы;
· Жаңақорған ауданы – Астана даңғылы;
· Шиелі ауданы – Тасбөгет кентінің орталық алаңы.




Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: