Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауыл әкімі сайлауына 151 кандидат ұсынылды

Қызылорда облысында ауылдық округ әкімдеріне кандидат ұсыну кезеңі аяқталды. Яғни 40 сайлау округіне 151 кандидат ұсынылды.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте  облыстық сайлау комиссиясының төрағасы  Ғалым Баймырзаев мәлімдеді. 
- Қазір кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі анықталуда. Сонымен қатар, кандидаттарды тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін 81 кандидат тіркеуден өтті,  - деді Ғалым Қонақбайұлы.
Айта кету керек, кандидаттарды тіркеу 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: