Жамбыл облысы, Қаратау қаласында каратэ-додан өткен республикалық турнирде жерлестеріміз 11 медаль олжалап, облыс үмітін ақтады. Жарысқа 250-ге жуық спортшылар қатысып, мықтылар анықталды.
Жарыс нәтижесінде 8-9 жас аралығында Алина Серікқызы (+25 келі), 16-17 жас аралығында Мөлдір Жаңбырбай (-53 келі) жақсы өнер көрсетіп, чемпион атанды. 10-11 жас аралығындағы Олжас Жүзбай (-40 келі), 14-15 жас аралығында Ғасыржан Әлімжан (-57 келі), Әсел Әбдіжәми (-54 келі) 16-17 жас аралығында Нұрәділ Кеңесбек (-61 келі), Диана Досқали (-53 келі), Нұрсұлу Жетербай (+53 келі) күміс жүлдеге ие болды. 12-13 жас аралығында Айдана Айжігітова (+45 келі), 14-15 жас аралығында Жалын Орынбек (-52 келі) және 18 жастан жоғары Нұржан Ақпанбет қола жүлдені еншіледі.
Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі, №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алатын спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиев, Рүстем Қараев және Нұржан Ақпанбет дайындады.
Спортшылар енді 9-12 сәуір аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында кадеттер және жастар арасында болатын Қазақстан чемпионатына қатысады.