Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Күріштің жаңа сорты шығарылуда

Күріштің жаңа сорты шығарылудаАла жаздай су астында жататын күріш дақылдары енді түтікше арқылы суғарылмақ. Бұл туралы «Қоғам тв» арнасы сайтында жариялады. 
Ыбырай Жахаев атындағы ғылыми-зерттеу орталығының мамандары суды осылай үнемдеуді қолға алыпты. Көкөністерді тамшылатып суғаруға арналған түтік арқылы енді күрішті де суғаруға болады екен. Арнайы түтікті жерді қазып, күріш тұқымымен бірге көметін көрінеді. Осының арқасында дақыл әрдайым сумен қамтамасыз етіліп отырады. Тамырына түтікше тесіктері арқылы су жеткізіледі. Мамандар осы жоба арқылы аяқ суды 5-6 есеге дейін үнемдеуге болады дейді.
- Ғылыми-зерттеу орталығы мамандарының тағы бір жаңалығы - күріштің жаңа Ару сортын ойлап тапқан. Бұл сорттың ерекешелігі суды аз қажет етеді. Кәдімгі күріштен көлемі үлкен болады екен. Мамандар күріштің бұл сортын қазір Қарауылтөбе елді мекенінде егіп өсіруде. Күріштің бұл түрі Ресейдің Куряж сортымен қазақтың Элитасын будандастыру арқылы алынған, - дейді Қызылорда білім тарату орталығының жетекшісі Жанұзақ Байманов.
Жаңа сорт жергілікті климатқа өте төзімтал келеді дейді ғалымдар. Биыл алғашқы рет егілуде. Егер осы дақыл пісіп орылғаннан кейін асқа жарамды болса келесі жылдан бастап күріш егетін шаруашылықтарға тұқымы таратылмақ. 
Ыбырай Жахаев атындағы қазақ күріш ғылыми зерттеу орталығының негізгі міндеті жыл сайын күріштің жаңа сорттарын ойлап тауып, өндіріске енгізу. Орталық бұл міндеттерін мүлтіксіз орындап келеді. Өткен жылы күріштің жаңа 3 сортын ойлап тауып, биыл шаруашылықтарға ол сорттарды таратып берген. Сол сияқты Ару да оң нәтиже көрсететін болса, барлық шаруашылықтар осы күрішті көптеп егетін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: