Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері облыс тұрғындарымен кездесті
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 4-8 қараша аралығында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Қызылорда өңіріне келіп, облыс тұрғындарымен кездесті.
Аталған кездесулердің мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға Шымкент қаласы, «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы ҚҚ сарапшы Тайтелиев Файзулла Тажмұхамедұлы, Ақтөбе қаласы, Алға аудандық дін орталығының психолог маманы Разақов Нұрмұхаммет Шәмшіұлы, Қызылорда облысы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы, дінтанушы Ерубай Асхат Рустамұлы, Астана қаласы, Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы Қалманов Мейірбек Камалбекұлы қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Қызылорда облысы бойынша Қызылорда қаласы және Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарын аралап, тұрғындардың әртүрлі санаттарымен кездесті.
Кездесулер барысында «Жастардың санасына теріс діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру», «Діни фанатизм және оның қоғамға кері әсері», «Рухани құндылықтар және ұлт тәрбиесі», «Діни экстремизм мен терроризмнің ықпалынан сақтану», «Зайырлы қоғам және мемлекет» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жастар, жастар, спортшылар мен жаттықтырушылар және ауыл қызметкерлері секілді тұрғындар қамтылды.